Елордалық полицейлер бір тәулік ішінде 86 қылмысты ізін суытпай ашты. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өткен аптада 115 қылмыс жасалды. Оның 86-сын полицейлер тәулік ішінде ашты. Полиция денсаулыққа ауыр зиян келтіруге байланысты үш қылмысты, 9 алаяқтық фактісін, екі тонауды, бір автокөлік ұрлауды, 25 бөтеннің мүлкін ұрлауды және есірткіге қатысты 13 қылмысты ашты», деді ресми өкіл.
Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында 594 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бір адам қаза тауып, 10 адам ауыр дене жарақатын алған.
Полиция департаменті жүргізушілерді жолда сергек болуға шақырады.