Өскемендегі балалар үйінен екі бала қашып кетті. Бұл туралы қалалық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, 22 қазан күні кешке қалалық балалар үйінің қызметкері полицияға жүгінген. Әйел мекемеден кетіп, қайта оралмаған екі баланы іздеуге көмектесуін сұрады.
«Әйелдің айтуынша, 10 және 11 жастағы ұлдар кешкі сағат 19-да балалар үйінен кетіп, жоғалып кеткен. Өз бетінше іздеулер нәтиже бермеді», деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Қала полицейлері қашқындарды 10 минут ішінде таба алды.
«Бұл жерде полицейлердің кәсібилігін атап өткім келеді, олардың және жедел басқару орталығының камераларының арқасында балалар 10 минуттан соң табылып, балалар үйіне қайтарылды», деп хабарлады Өскемен полиция басқармасының басшысы Андрей Мула.