АҚШ-та үшінші гендер туралы «X» белгісі бар алғашқы америкалық төлқұжат берді. Бұндай төлқұжаттың иесі еркек те, әйел де емес деп есептелінетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылдан бастап барлық өтініш берушілер мұндай паспортты ала алады.
«Біз оны қажетті жүйені толтырып, 2022 жылдың басында базаны жаңартқаннан кейін төлқұжат алуға өтініш бергендердің барлығына ұсынуға дайынбыз», деді АҚШ дипломатиялық қызметінің өкілі Нед Прайс.
АҚШ басқа мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда, сондықтан барлық паспорт иелері, жынысына қарамастан, мүмкіндігінше ыңғайлы саяхаттай алады.