• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2014

Меморандумға қол қойылды

269 рет
көрсетілді

Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров пен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Джун Кукита Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау мен мадақтау саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі. Тараптар қол қою шең­берін­де Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ЮНИСЕФ арасында соңғы жылдарда қалыптасқан өнімді ынтымақтастықты қорытындылады. Осылайша, халықаралық сарапшыларды тартумен бірге, жүйелі негізде интернаттық мекемелер мен жалпы білім беру мектептерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне зерттеулер жүргізілді, балалар меке­мелеріне мониторинг жүргізуге арналған құрал әзірленді, тренинг және семинарлар өткізілді. 2014-2015 жылдарға ар­налған меморандум адам құ­қықтары жөніндегі ха­лық­аралық шарттарды, атап айт­­­қанда, БҰҰ Бала құқық­тары туралы конвенция­сын, Азап­тауға және басқа да қаты­гез, адамгершілікке жат­пай­тын не­месе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түр­леріне қарсы конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңын және ел Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақса­тын­да жасалды. Қол қойылған құжат шең­берінде тараптар балаға мейі­рімді болатын әділет жүйесін жетілдіру, құқық қорғау те­тік­­теріне балалардың және жастардың осал топтарының қолжетімділігін жақсарту, балалар мекемелеріне тәуелсіз мониторинг жүргізу, сондай-ақ, балаларға қатысты зор­лық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық нау­қандарды өткізу сияқты бала­лар құқықтарын қорғау сала­сындағы ықтымақтастықты жалғастырады.