• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қараша, 2021

Қоғамдық кеңестер қызметі туралы Ұлттық баяндама жобасы талқыланды

476 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Қоғамдық процестерді зерттеу орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Қоғамдық кеңестер қызметі туралы Ұлттық баяндама» жобасының сараптамалық талқылауын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің белсенді мүшелері қатысты.

«Ұлттық баяндама сіз бен біздің ортақ жұмысымыздың нәтижелерін көрсетеді, сондықтан ол қоғамдық кеңестер жұмысының нәтижелері мен талдауын ғана емес, бар мәселелерді және оларды реттеу жөніндегі шараларды да көрсетуі тиіс», деп атап өтті Ақпарат министрі.

Ведомство басшысының айтуынша, анықталған мәселелерді шешу үшін әзірленген ұсынымдар жергілікті жерлерде дер кезінде іске асырылуы тиіс. Алғаш рет Ұлттық баяндама ел Президентінің назарына ұсынылады, сондықтан ол сапалы, толыққанды және объективті болуы керек.

Баяндаманы талқылау барысында белгілі саясаттанушылар Андрей Чеботарев, Жұлдызай Ысқақова мен Александр Братенков өз бақылаулары мен пікірілерін ортаға салды.

«Ұлттық баяндама жобасы республикадағы қоғамдық кеңестер институтының қалыптасуының негізгі кезеңдерін қамтиды, республикалық және жергілікті деңгейде жинақталған жұмыс тәжірибесін сипаттайды», деді «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев.

Азаматтық қоғам атынан баяндаманың мазмұны жөнінде Бақытгүл Хамбар, Сергей Гуляев, Айдар Амребаев, Гүлнар Құрбанбаева, Марат Бәшімов, Балжан Досмұхамедова, Қайрат Жаңабеков сынды жетекші отандық сарапшылар өз пікірлерімен бөлісті.

Зерттеу жұмысы бүгінгі қалыптасқан саяси жағдайларда жұмыс істейтін тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін және Қазақстанда азаматтық қоғамды үдемелі дамыту шеңберінде қоғамдық кеңестер институтын жетілдіруге бағытталған проблемалық аймақтарды анықтау мен ұсынымдарды тұжырымдауға, қолда бар тәсілдерді қайта бағамдауға бағытталған.