Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жекеменшік таны-лады және бірдей қорғалады», деп тайға таңба басқандай етіп жазылған. Алайда осы маңызды қағидаға кейде тіпті мемлекеттік органдар да жете мән бермей, жаңсақ қадамдарға барып жа-татыны жасырын емес.
Мəселен, 2007 жылғы 27 шілдеде қабылданған «Білім туралы» Заңның 47-ші бабының 17-ші тармағында: «Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық жəне медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында жəне мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті», делінген болатын.
Мұның өзі жеке меншік білім беру жəне денсаулық сақтау ұйым-дарын жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз етуді қиындатып жіберіп, қоғамда түсінбеушілік тудырған еді. Ақыры жекеменшік білім беру жəне денсаулық сақтау ме кемелері басшыларының осы жөніндегі талап-тілектері ескеріліп, былтыр Парламентте талқыланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында тиісінше көрініс тапты.
Атап айтқанда, «Білім туралы» заң ның 47-бабының 17-тармағындағы «мемлекеттік білім беру ұйымдарында жəне мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында» деген сөйлемдегі «мемлекеттік» деген сөздер алынып тасталды. Бұл заң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 8 қаң тарда қол қойғаннан кейін күшіне енді. Сөйтіп осы жылдан бастап жо-ға ры оқу орындарының мемлекеттік грант арқылы білім алған түлектеріне жекеменшік білім беру жəне денсаулық сақ тау ұйымдарына да жұмысқа орналасып, үш жыл жұмыспен өтеу мүмкіндігі берілді.
Шынтуайтында, «мемлекет - нашар менеджер» дегендей, бүгінде көптеген мемлекеттік білім беру жəне денсаулық сақтау ұйымдарындағы қызмет сапасы бейіндес жекеменшік меке мелермен салыстырғанда əлдеқайда төмен екендігі жұртқа мəлім. Əсіресе, денсаулық сақтау саласында. Қаржылық жағдайы жақсы науқастар тегін медициналық көмектің кепіл дендірілген көлемі аясында мемлекеттік ауруханалар да емделген нен гөрі жекеменшік клини калардың жəрдеміне жүгінгенді құп көреді. Өйткені олар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дəрігерлердің біліктілік деңгейіне күмəнмен қарайды. Мемлекеттік ауруханалар мен емханаларға жұмысқа қабылдауда əлі де тыйылмай келе жатқан тамыр-таныстық, емдеу кезінде, жұқалап айтқанда, «сый-сыяпат» дəметушілік секілді былықшылық пациенттерді кеуделерінен кері итергендей болып тұр. Ал астанадағы əжептəуір беделді мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары шын мəнінде, жекеменшік мекемелерге ұқсап барады. Себебі олар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында квота бойынша науқастарды тегін емдеуден гөрі ақысын қолма-қол төлейтін пациенттерге бүйректері бұрып тұратын тəрізді. Мысалы, жақында ғана Батыс Қазақстан облысында тұратын бір танысымыз квота кезегін ұзақ күтуге шыдамы жетпей, астанадағы бір ірі мемлекеттік медицина ор та лығына өз қаражаты есебінен келіп, емдеу ақысын төлеп, жедел қаралып шықты.
Демек, қазіргі нарықтық қатынастар заманында денсаулық сақтау ұйымдарын «мемлекеттік» жəне «жекеменшік» деп бөліп-жарудың қисыны шамалы. Оның үстіне, көптеген жекеменшік денсаулық сақтау мекемелері тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында науқастарға тегін қызмет көр сететіндігін де ескеру керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгеніндей, олар мемлекет тарапынан бірдей қорғалуға тиіс.
Бұл ретте əлі де назар аударуды тілейтін түйінді мəселелер бар. Солардың бірі – жергілікті билік органдары медициналық университеттердің түлектеріне облыстық бюджет есебінен төлейтін қомақты көтермеақы жайы. Оны əзірге тек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналасқан жас дəрігерлер ғана алып жүр. Ал жекеменшік денсаулық сақтау мекемелерінің шақыруымен дəрігерлік қызметін бастаған ма-мандар мұндай қамқорлықтан тыс қалған.
Осындай алалаушылық сыбайлас жемқорлық тəуекелін де тудырып отырғаны анық. Айталық, жуырда бұқаралық ақпарат құралдары Петропавл қаласындағы «Денсаулық» жеке меншік денсаулық сақтау мекемесінің директоры Солтүстік Қазақстан облыстық ден саулық сақтау басқармасы ның басшысына пара бергені үшін екеуінің үстінен де қылмыстық іс қозғалып, іле тиісті сот үкімі шығарылғанын хабарлады. Міне, осы сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалуына жеке меншік денсаулық сақтау меке месіне жұмысқа орналасқан жас дəрігерлерге көтермеақы төлеу мəселесі себеп болған екен.
Нақтырақ айтсақ, Қызылжар өңірінде қазір 278 дəрігер жетіспейді. Осыған орай, Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының шешімімен жергі лікті бюджет қаржысы есебінен өңірдегі ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа шақырылған жас дəрігерлердің əр қайсысына – 2,5 миллион теңге, ал қаладағы мемлекеттік медицина мекемелеріне орналасқандарға 1,5 миллион теңге көтермеақы төлеу қарас тырылған. Бұл – өзге өңірлермен салыстырғанда біршама көп сома. Алайда облыс орталығындағы 26,5 мың тұрғыгға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетіп отырған жалғыз «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесіне жұмысқа шақырылған 3 жас дəрігер мұндай қолдау шарасынан құралақан қалған. Сол себепті оның директоры денсаулық сақтау басқармасының басшысынан облыстық мəслихаттың шешімін өзгертуге ықпал ету жөнінде көмек сұрап барып, ол ешқандай пара сұрап, уəде бермесе де «алдын ала алғыс» ретінде 200 мың теңге салынған конвертті тастап кеткен. Сонысы үшін өзі де, күтпеген «сыйлықтан» бас тарта алмаған басқарма басшысы да заң алдында жауап беріп, кінəларын толық мойындаған. Оларға тиісінше 4 жəне 6 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы белгіленген.
Еңбек жолын жаңа бастаған жас дəрігерлерді алалаудың аяғы Қызылжар өңірінде осылайша өкінішті аяқталды. Бұл өзгелерге де сабақ болса, игі. Соның ішінде медицина кадрларының тапшылығына орай сырттан шақырылған мамандарға көтермеақы төлеп отырған өңірлер мəслхаттарының депутаттарына да.