• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2021

Полицейлер браконьерлерді тоқтату үшін қару қолданған

194 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз аң аулағандар анықталып, оларды тоқтату үшін қызмет қаруын қолдануға тура келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Тайынша ауданының учаскелік полиция инспекторымен бірге «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд өткізді. Тәртіп сақшылары Кеңес ауылы маңында «ВАЗ-2123» автокөлігін байқаған.

Жүргізуші полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, жасырынбақ болған. Сондықтан ескерту жасап табельдік қарудан ауаға атуға тура келген. Көлік салонында 22 мен 32 жас аралығындағы Ақмола облысының төрт тұрғыны болған.

Оқиға орнына шақырылған аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы көліктен сібір елігінің етін және «ИЖ-58» маркалы тіркелмеген аңшы қаруын тәркіледі. Ұсталғандардың аң атуға рұқсат құжаты болмаған. Аталған факті «заңсыз аңшылық» бабы бойынша тіркелді.

«СҚО-да «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20 қазан мен 19 қараша аралығында өтіп жатыр. Табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қызметкерлері қорықшылармен бірлесе аң аулау қағидаларының бұзушылықтарын анықтау, сондай-ақ аңдарды-құсты браконьерлік жолмен аулау фактілерінің алдын алу үшін орман алқаптарында рейдті күшейтті. Іс-шара өткен уақытта аң аулау қағидаларын бұзудың 157 дерегі анықталды. Негізінен қаруды жиналған және оқталған күйде тасымалдауға қатысты. Ж азатайым оқиғаларды болдырмау үшін бұған үзілді-кесілді тыйым салынған. Сонымен қатар балық аулау қағидаларын бұзудың 34 фактісі тіркелді», дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.