Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мұхамеджанова 35 жылдан соң ақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық «JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазановтың айтуынша, қаһарман қыз Сәбира Мұхамеджанованың ақталғаны туралы ресми құжат келді.
«Желтоқсан көтерілісіне қатысқан талай қазақ жастары өмірімен қош айтысқан. Солардың бірі – Сәбира Мұхамеджанова еді. 16 жасында қаза болған қайсар қыз осы уақытқа дейін ақталмай келді. Әйтеуір 35 жылдан кейін бұл олқылықтың орны толды. Осы орайда Сәбираның ақталуында «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбай Сайфолданың еңбегі зор», деді ол.
Марат Рамазановтың сөзінше, Сәбира Мұхамеджановамен бір топта оқыған 28 қыз бен курстас 8 жігіт те ақталып отыр.