• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қараша, 2021

Мексиканың солтүстігінен 14 құпия қабір табылды

556 рет
көрсетілді

Мексиканың солтүстігіндегі Сонора штатынан 14 құпия қабір табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік прокуратураның мәліметінше, қабірден шіріген және өртенген денелер мен сүйек  сынықтары табылған. 

Жерленген мәйіттердің нақты санын анықтау мүмкін болмады. 

Құпия қабірлер қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарының арқасында табылған. 

Айта кетейік, Сонора есірткі картельдері арасындағы үстемдік үшін күрес жүріп жатқан аймақ. 

Федералды мәліметтерге сәйкес, Мексикада жылдың алғашқы тоғыз айында 25 мыңнан астам адам қаза тапқан.