Ыстанбұлда өтіп жатқан Интерпол Бас ассамблеясының 89-сессиясы аясында жаңа президент пен атқарушы кеңес мүшелерін сайлау рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Интерполдың жаңа басшысы болып БАӘ өкілі Ахмед Насер Аль-Раиси сайланды.
Интерполдың Twitter парақшасында Аль-Раисидің 4 жыл қызмет ететіні хабарланды.