Ақтөбеде көлік ішінен екі адамның денесі табылды. Болжам бойынша олар газға тұншығып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 28 қараша күні сағат 17:32-де тіркелді. Ақтөбе қаласындағы №7 гараж кооперативіне тиесілі гараждардың бірінде «ВАЗ-21099» автокөлігінен 50 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылды. Мүрдеден зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.
«Болжам бойынша олар газдан уланып, көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Газ немесе көміртегі тотығы (CO) қауіпті. Оның түсі де, дәмі де, иісі де жоқ болғандықтан алғашында айтарлықтай әсері болмайды. Ішкі организмге енген уақытта адам улана бастайды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.