• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қараша, 2021

Түркістан облысында төрт адам иіс тиіп қайтыс болды

328 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы Ұшқын ауылында бір үйде төрт бірдей адам қайтыс болды. Олардың арасында жас бала да бар. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 28 қараша күні болған. Күндіз сағат 12:30-дың шамасында жергілікті тұрғындар жеке меншік үйде төрт адамның қайтыс болғанын хабарлады. Екі ер адам, бір әйел және 3-4 жасар бала.

Оқиға орнына барған құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын ала себебін анықтады. Төрт адам да иіс тиіп уланған. Үйдің иесі ескі пешті бұзып, табиғи газбен жағатындай етіп қайта салған.

«Иіс газды «үнсіз жан алғыш» деп атайды. Себебі көзге көрінбейді, иісі де жоқ. Адам онымен бірнеше рет дем алса, өліп кетуі мүмкін. Ол қанға барғаннан кейін ағзаға оттегі тарататын гемоглабинді бұғаттап тастайды. Содан адам иіс тиіс уланады»,  дейді құтқарушылар.

Ауада иіс газының мөлшері 0,1% болса, адам бір сағат ішінде қайтыс болады. Ал 0,5%-ке артқан жағдайда 20 минутта өлімге әкеп соғады.