Әлем 06 Желтоқсан, 2021

Мальдив аралдарында омикрон штаммы анықталды

358 рет
көрсетілді

Мальдив аралдарында COVID-19-дың «омикрон» жаңа нұсқасын жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риа Новости мәліметінше, вирусты аралға турист әкелгені хабарланды.

«Біз Мальдив аралдарында COVID-19 «омикрон» нұсқасының алғашқы жағдайын анықтадық. Бұл жағдай туристен алынған оң үлгіде жүргізілген геномдық секвенирлеу нәтижесінде белгілі болды», деді Мальдив денсаулық сақтау агенттігінің (HPA) Twitter-дегі хабарламасында.