• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экология 20 Желтоқсан, 2021

Жайық өзенін сақтап қалуға Ресей де мүдделі

779 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Жайық өзені бассейнінің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қабылданып жатқан іс-шараларды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жайық өзені бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында Ресей тарапымен бірлескен іс-шаралар барысында 2020 жылғы 4 желтоқсанда «Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасына» қол қойылды және өзен суын арттыру мәселесін бірлесіп шешу үшін «Ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасы» бекітілді» делінген Роман Склярдың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, бағдарламаның бірінші бағыты аясында «Жайық трансшекаралық өзенінің бассейніндегі ағынды реттеудің салдарын экологиялық бағалау және Жайық трансшекаралық өзенін сақтау және қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына техникалық тапсырма әзірленді.

«Бұдан басқа, көктемгі өр суы келер алдында трансшекаралық өзендердің гидрометереологиялық жағдайларын ескере отырып, Ресей Федерациясымен су бөлу көлемін ұлғайту жұмысы жүріп жатыр. Атап айтқанда Жайық өзеніндегі су деңгейін маусымаралық кезеңде ұстап тұру үшін маусым-тамыз айларында Ирикла су қоймасынан су өтімін секундына 30 текше метрге дейін көбейту туралы уағдаластыққа қол жетті», деп атап өтеді Роман Скляр.