• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Желтоқсан, 2021

Германияда коронавирустың бесінші толқыны басталды

275 рет
көрсетілді

Германия канцлері Олаф Шольц елде пандемияның бесінші толқынының басталғаны туралы ескертіп, бұл коронавирустың «омикрон» штамының таралуына байланысты бұрынғыға қарағанда агрессивті болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мамандардың пікірінше, жаңа штамм басқалардан да агрессивті. Вакцинаның екі дозасын алған және ауырған адамдар үшін де оны жұқтыру қаупі жоғары», деді Германия Канцлері Олаф Шольц.

ТАСС атап өткендей, жаңа штаммға шалдыққандар санының өсуі аясында елде коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларының саны біршама азаяды. Шольцтың пікірінше, бұл қолданыстағы шаралар тиісті әсер ететіндігін көрсетеді. Алайда, Шольцтің «омикронның» таралуына байланысты қол қусырап отыра беруге болмайды, өйткені бұл нұсқаға қарсы вакциналардың тиімділігі төмендейтінін айтады. Осыған байланысты ол ел тұрғындарын алдағы мереке күндері сақ болуға шақырды.

Германия канцлері сонымен бірге коронавирустық вакцинация науқаны Рождество күндері бұрынғы режиммен жалғасады деп сендірді. Оның айтуынша, қаңтар айының соңына қарай 30 млн бустерлік екпе жасау жоспарланған.

Германия канцлері мен премьер-министрлерінің жиналысының қорытындысы бойынша 28 желтоқсаннан бастап ковидпен вакцинацияланғанына немесе ауырғанына қарамастан, 10-ға жуық адам жеке пәтерлер мен үйлерде жинала алады деген шешім қабылданды. 14 жасқа дейінгі балалар үшін ерекше жағдай жасалады. Көпшілік жиналмайтын ірі спорттық, мәдени және басқа да іс-шараларды өткізуге болады. Бүкіл ел бойынша клубтар мен барлар жабылады.

Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, Германияда коронавирустық инфекцияның расталған жаңа жағдайларының саны соңғы тәулікте 23 428-ге артты. Эпидемия басталғаннан бері инфекция 6 833 050 тұрғында анықталды. Коронавирус тудырған аурудың салдарынан 24 сағат ішінде елде 462 науқас қайтыс болды. Германияда пандемия кезінде қайтыс болғандардың жалпы саны 108 814-ке жетті.

Соңғы жаңалықтар