• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Желтоқсан, 2021

Сәбиімнің саулығы үшін вакцина салдырдым

268 рет
көрсетілді

Қазір екпенің саулыққа зәре­дей де зияны жоғын, қайта сау­лық үшін керек екенін екінің бірі біліп қалды ғой.

Мен вак­цина­ның алғашқы легінде жүк­тілігіме байланысты екпе алма­ған болатынмын. Осыдан да өзім­нің, өмірге келетін сәбиімнің саулығына алаңдап жүрдім. Еліміз­ге Pfizer вакцинасы жеткенде еш ойланбастан салдырам деп бай­лам жасауымның себебі де осы еді.

Биыл 23 қарашада аудан орталығы Шиеліге барып бір топ келіншек вакцина ал­дық. Екпеден кейін дәрігерлер бақылауында болдық. Жиі-жиі қызуымызды өлшеп, кеңесін айтқан мамандарға ризамыз. 9 желтоқсанда аман-есен босандым.

Әлі де болса осы екпенің айна­ласында алыпқашпа әңгіме көп. Менің айтарым – екпе сал­дыру керек. Індеттің алдын алу­дың осыдан басқа жолы жоқ.

 

Сандуғаш МЫРЗАХАНҚЫЗЫ

Қызылорда облысы,

Шиелі ауданы,

Бәйгеқұм ауылы

 

Екпе алып, аман-есен босандым

Мені 3 желтоқсанда Кемер ауылындағы амбулаторияның медбикесі екпе алуға шақырды. Бұл кезде жүктіліктің 34-35 аптасында болатынмын. Шақырған күні барып Pfizer екпесін салдырдым.

Еш әсер етпеді. Үйге келгенде де ешқандай ауырсынуды сезінген жоқпын. Дене қызуым көтерілген жоқ. Үйдің шаруасын істеп, қалыпты жағ­дай­да жүрдім. Содан 23-і күні тол­ғақ басталған соң түс ауа көлік­пен­ Ақтөбеге жетіп, облыстық пер­зентханаға түстім. Толғақ қалып­ты басталып, бірер сағат­тан кейін өз күшіммен ұл босандым. Сәбиімде де еш өзгеріс болған жоқ. Үш күннен кейін перзентханадан шығарды. Қазір үйдемін, балам тыныш.

Бұл – менің үшінші сәбиім. Өзім Кемер ауылындағы Сарал­жын орта мектебінде психолог мұғалім болып жұмыс іс­теймін. Жолдасым да осы мек­тепте мұғалім. Аяғы ауыр келіншектерге берер кеңе­сім, дәрігерлер екпе алуға шақыр­са, қашпаңыздар. Қан қысы­мын тексертіп, денсаулық жағ­дайы­ңыз қалыпты болса, екпе алы­ңыздар дер едім. Өйткені өз ден­саулығымыз бен сәби ден­саулығы үшін ең бірінші жауап­ты – өзіміз.

 

Раушан ҚАБДЫҒАЛИ,

Саралжын ауылдық округі Кемер ауылының тұрғыны

 

Ақтөбе облысы,

Ойыл ауданы