• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қаңтар, 2022

Қауіпсіздік күштері қару қолданбаған - Берік Қуанышбекұлы

394 рет
көрсетілді

Жуырда Алматыда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жағдайдың өршуіне қарамастан, қауіпсіздік күштері қару қолданған емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн брифингіде Берік Қуанышбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қауіпсіздік күштері қару қолданған емес. Бұл жердегі басты құндылық - адам өмірі. Сол кезде полицейлер оқ жаудыра бастаса, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді. Бұл жағдайды пайдаланған террористер прокуратураның, әкімдіктің ғимаратына баса көктеп кірді. Прокуратура ғимаратын басып алу кезінде қызметкерлердің басым бөлігі іште болған. Олар тез арада эвакуацияланды. Жағдайдың өршіп бара жатқанына қарамастан, қару қолданбадық», деді Берік Қуанышбекұлы брифингте.