• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2022

Алматы Полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасалған

403 рет
көрсетілді

Бұл туралы Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

5 қаңтарда Алматы қаласының орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналған. 

Қанат Таймерденовтің айтуынша, сол күні Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар Алматы қаласы әкімдігін басып алуға екінші рет талпынған.

- Шектеулі кеңістікті және әкімдіктегі адамдардың тығыздығын ескере отырып, полиция қызметкерлері қару қолданған жоқ. Өйткені, көптеген адам шығынына әкелуі мүмкін еді. Осыған байланысты подицейлер қару қолданбай шегінуге мәжбүр болды,- деді ол.

Салдарына шабуылшылар әкімдікті тонау, өртеу арқылы дүние-мүлікті бүлдіре бастаған. Полиция қызметкерлері мен әскери оқу орнының курсанттарын ұрып-соғып, мазақ қылып арнайы құралдары мен киімдерін тартып алған.

- Қаңтардың 5-інен 6-ысына қараған түні содырлар Полиция департаментінің Алмалы, Жетісу, Әуезов, Бостандық аудандық бөлімшелерін және жергілікті полиция қызметі ғимараттарын қарулы басып алуға әрекеттенген. Осыған байланысты ғимаратты қорғау және әскери қарулардың ұрлануын болдырмау мақсатында шабуыл жасағандарға оқ атылды. Мен өзім Полиция департаментінде болдым. Ғимаратты басып алу үшін 27 рет шабуыл жасалған, - деді Алматы қалалық ПД бастығы бүгінгі брифингте.