Ауа райы қолайсыздылығына байланысты Қарағанды – Аягөз – Бұғаз республикалық тас жолының учаскесінде қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ауа райының нашарлауына байланысты 19 қаңтарда сағат 14:30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында Қарағанды – Аягөз – Бұғаз республикалық автожолының учаскесінде (296-320 км, Еңбек ауылы – ШҚО шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.
«20 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстік-шығысында төменгі бұрқасын күтіледі. Қарағандыда 20 қаңтарға қараған түні тұман түседі», делінген хабарламада.