• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Ақпан, 2022

Шенеунік әдепсіз мінез-құлқы үшін жұмыстан босатылды

532 рет
көрсетілді

Әдепсіз мінез-құлқы үшін табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы  Абай Балабеков қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылғы 26-қаңтарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысында СҚО бойынша ТМРК-ның аумақтық департаментінің басшысы Абай Клименович Балабековтың әдепсіз мінез-құлқы қаралып, онда оны жұмыстан босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Осылайша, дискомиссияның ұсынымы негізінде, Ұлттық экономика министрлігінің Аппарат басшысының 2022-жылғы 31-қаңтардағы бұйрығымен Абай Балабеков ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы қызметінен босатылды.