Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де азаймай отыр. Өткен тәулік аралығында өңірде 273 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Облыс әлі де «қызыл аймақта».
Індеттің таралуы адамы көп орталықтарда жиі байқалған. Мысалға, бір тәулікте ауырғандардың саны Талдықорған қаласында 78 жағдайға жетсе, Алматы қаласы маңындағы Талғар ауданында – 30, Қарасай ауданында – 21, Іле ауданында – 18, Еңбекшіқазақ ауданында 16 науқасқа дейін көбейіп отыр. Сондай-ақ Ұйғыр ауданында – 15, Қаратал және Сарқан аудандарында – 14, Көксу ауданында – 13, Панфилов және Жамбыл аудандарында – 12 жағдайдан, Текелі қаласында – 11, Ескелді ауданында – 8, Балқаш ауданында – 5, Кербұлақ ауданында және Қапшағай қаласында 3 науқасқа медициналық көмек көрсетіліпті.
Жалпы, өңірде 1 146 адам стационарлық ем қабылдауда, ал 17 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде бір тәулікте ауруханаларға 135 адам түскен. Ауруханалардағы төсектік орындар саны 2 780 болса, қазір 41,2 пайызға толған. Мұнан бөлек облыс дәргерлері бір тәулікте 278 науқасты емдеп шығарған екен.
Аймақта коронавирусқа қарсы вакцина алушылар саны да өсіп келеді. Екпенің 1-компонентін алғандар саны 939 657 адамға жетті. Ал екінші рет егілгендердің қатарында 865 566 тұрғын бар екен. Ал 150 мың адам ревакциналаудан өткен көрінеді.
Алматы облысы