• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2022

Атырау мұнай өңдеу зауытында рекордтық деңгейде мұнай өңделді

1805 рет
көрсетілді

Атыраудағы бұл зауытта 76 жылдан бері шикізаттық мұнай өңделеді. Зауытта өткен жылы 5 млн 473,5 мың тонна шикі мұнай өңделді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің зауыттың ұжымы 76 жылдың ішінде алғаш рет жаңа өндірістік рекордқа қол жеткізді. Зауытта былтыр 5 млн 473,5 мың тонна шикі мұнай өңделді. Бұл – зауыт іске қосылғаннан бергі ең көп өңделген мұнай. Мұндай жоғары өндірістік көрсеткіш – кең ауқымды жаңғырту жобасының жемісі. Жаңғырту жұмыстарының үш кезеңі 2018 жылы аяқталды. Соның нәтижесінде зауыттың мұнай өңдеу қуаты 5 млн-нан 5,5 млн тоннаға артты. Технологиялық қондырғыларды жаңғырту сұранысқа ие мұнай өнімдері өндірісін жолға қоюға, экономикалық көрсеткіштің өсуіне, сондай-ақ бюджетке түсетін салық көлемінің ұлғаюына ықпал етті» деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімі.