ҚР Энергетика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті еліміздің бірқатар өңірлерінде жылу тарифтерінің төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінгі күні жылу энергиясын өндіру кезінде отынның негізгі түрі 6 өңірде (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында) көмір, 8 өңірде (Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында) мазут және табиғи газ, 3 өңірде (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Түркістан облысы) көмір мен газ болып табылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның жабдықтау үстемесінің деңгейін төмендету бөлігінде атқарылған жұмыс нәтижесінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, көптеген өңірлерде тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті шекті бағаларын 0,34%-дан 38,96%-ға дейін төмендетуге қол жеткізді.
Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын газ стратегиялық тауар болып табылады. Стратегиялық тауарлар бағасының деңгейі коммуналдық қызметтер тарифінің соңғы деңгейіне айтарлықтай әсер ететінін атап өткен жөн.
Осылайша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның тауарлық газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтерге шекті бағаларының өзгеруін ескере отырып, жылу энергиясына тариф деңгейі келесідей төмендеді:
2022 жылдың ақпан айынан бастап:
Атырау қаласы - 2,36%;
Тараз қ. - 0,45%;
Қостанай қ. - 2,90%;
Қызылорда қ. - 0,87%;
Шымкент қ. - 0,22%.
2022 жылдың наурыз айынан бастап:
Орал қаласы - 0,76%;
Түркістан қ - 0,84%.
Бұл ретте, елдің жекелеген өңірлерінде тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің төмендеуі жылу энергиясының өзіндік құнына әсер еткен жоқ.