• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 25 Ақпан, 2022

Туберкулезге шалдыққандар 2,3 есеге төмендеген

625 рет
көрсетілді

Қазақстан туберкулез дертінің айтарлық­тай төмен­деу қарқынын көрсетіп отыр. Денсаулық сақ­тау министрлігінің Ұлт­тық фтизиопульмоноло­гия ғылыми орталы­ғы­ның директоры Мәлік Әде­нов­тің мәлі­ме­тінше, Қазақстанда туберкулезге шал­­дық­қандар көрсеткіші соңғы 10 жылда 2,3 есеге төмендесе, өлім-жітім 4,1 есеге азайған. Сонымен қатар профи­лакти­калық тек­се­ру­лердің нәти­жесінде, 0-ден 17 жас­қа дейінгі бала­лар­дың аурушаңдығы төмендеді.

«Елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін жүргізіледі. Қа­зақ­стан бюджет қаражаты есебінен халық­ара­лық стандарттарға сәйкес туберкулезді ерте диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың ең заманауи әдістерін енгізген санаулы елдердің қатарына жатады. Туберкулезді ерте анықтау үшін ДДҰ ұсынған және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін туберкулезді және дәріге төзім­ді туберкулезді бактериологиялық және моле­ку­ляр­лық-гене­ти­ка­лық диагностикалаудың же­дел­де­тілген әдістері ен­гізілді», деп атап өтті Ұлт­тық фти­зиопульмонология ғылыми орталығының ди­­ректоры.

Ол бүгінде ауруды тез диагностикалауға ар­­нал­ған жабдықпен барлық аймақтық тубер­ку­лезге қарсы мекемелер мен аудандық деңгей­де­гі зерт­ханалар­ (бар­лығы 128 xpertmtb/RIF аппа­рат­тары) қам­тамасыз етілгенін айтты. Тубер­кулез жағдай­ларының 99,9%-ы­ ­диаг­­нос­ти­каның жаңа жедел­ әдісінің нәтижесінде анық­талады.

«Елімізде туберкулезбен ауыратын науқастар­ды емдеудің тиімділігі әлемдегі ең жоғары көр­сет­кіш­тер­дің бірі. 2021 жылы сезімтал туберкулезбен алғаш анықталған науқастар арасында 87,5%-ды, ал дәріге төзімді туберкулез 82,5%-ды құрады, бұл әлем­дік стандарттарға сәйкес келеді», деп то­лық­­тыр­ды М.Әденов.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай көрсеткіштерге туберкулездің таралуына жол бермеу жөніндегі негізгі шараларды күшейту арқылы қол жеткен. Ұлт­тық фтизиопульмонология ғылыми орталығы алдын алу және емдеуден басқа, қоғамда науқас­тар­­ды кемсітпеуге қамқорлық жасайды.

Сонымен қатар Ұлттық фтизопульмонология ор­талығының директоры Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық 24 ақ­пан­нан 24 наурызға дейін жалғасатынын жет­кізді. Айлық аясында фтизиатр, фтизио­пе­диатрлардың тегін ке­ңес­тері, тұрғындарды флюорографиялық тек­­се­ріс­­тен өткізу сияқты ауқымды акциялар жос­пар­ланған.

«Пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдардың көме­гі­мен емде­лу­ші­лердің амбу­латорлық сатысын­да­ғы­лар­ға психо-әлеу­мет­тік қолдау көрсетілді. Оған қоса 2021 жылы нау­қас­тардың 92%-на әлеуметтік көмек көр­­се­тілді», деді М.Әденов.

Сонымен қатар ол азаматтарды аурудың ал­ғаш­­қы белгілері кезінде дереу медициналық көмек­ке жү­гінуге шақырды.

«Уақтылы анықтау және үздіксіз емдеу ке­зін­де тубер­кулезді толық емдеуге болады. Тубер­ку­лезбен ауыр­ған адамдар басқаларға қауіп төн­дірмей, оқып, жұмыс істей алады, әйелдер дүниеге дені сау бала әкеле алады және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік бар», деді ол.