Украинадағы соғыс қимылдары басталғалы бері 498 ресейлік әскери қызметкер қаза тауып, тағы 1597-сі жараланған, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков мәлімдеген.
Ведомствоның мәліметінше, украиналық әскерилер арасындағы шығын 2870 адамға жетіп, 3,7 мыңы жараланған.
Айта кетсек, бұл деректер 2 наурыз күні жарияланған. Бір тәулікте екі тарапта да қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін.