Польша Украинаға гуманитарлық жүк тасымалдаушылар үшін жол ақысын алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шекарадан өту үшін Украинаға гуманитарлық жүк тасымалдаушылар сауалнама тәріздес құжатты алдын ала толтыруы керек.
«Гуманитарлық жүктерді тасымалдайтын көлік жүргізушілері барлық жолдар үшін төлем жасамаса болады. Жол үшін төлем жасамаған басқа украиналық көліктерге де айыппұл салынбайды. Біз қазіргі жағдайда Украинаға көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз», деп жазылған хабарламада.