Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы өсті. Ұлттық банк 4 наурыздағы америкалық валюта бағамын атады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,59 теңгеге көтеріліп, 497,02 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банк бекіткен 4 наурыздағы доллардың ресми бағамы 492,28 теңге.Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу 498,88 теңге, сату 503,66 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 499,72 теңгеден сатып алынып, 503,09 теңгеден сатылып жатыр.