Шымкент қаласындағы 8-шағын ауданда тұратын 36 жасар әйел өзінің 5 жасар қызын ұрып өлтіріп қоя жаздады. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Оқиғаға куә болғандар кішкентай қыздың шыңғырған даусы шағын ауданға түгелдей дерлік естілгенін айтады. Осы айқайға көршілері мен 65/06 әскери бөлімнің қызметкерлері жүгіріп келген.
Көршілердің айтуларынша, әйелдің қолынан баланы тартып алмақ болғандарында, ол қызын басы мен ішінен қолымен де, аяғымен де ұруын жалғастыра берген.
«Мен көрші аулада тұрамын. Соған қарамастан, баланың құлындай шыңғырған даусы біздің үйге дейін естілді. Мен жүгіріп жетіп, баланы арт жағыма қарай жасырмақ болғанымда, анасы оны ішінен тебе бестады. Мен сосын полиция шақырттым», - деді көз көргендердің бірі.
Оқиға орнына жергілікті учаскелік инспектор мен жедел жәрдем қызметкері келді. Дәрігерлер баланың басына гематома қалыптасып, маңдайына жара түскенін, сондай-ақ беті түгел қанталап кеткенін анықтады.
Абай полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Бағдат Асанов медициналық тексеру өз қызын осыншалықты аяусыз ұрған әйелде психикалық ауытқушылық бар екенін мәлімдеді. Ол психоневралогиялық диспансерге жіберілді.
Таяқ жеген бала қазір облыстық балалар ауруханасынаға жатқызылды.
Тергеу амалдары басталып кетті.
Бұл Шымкент қаласында таяу күндерде орын алған бала ұрудың екінші өрескел жағдайы болып отыр. Бұдан бұрын 38 жастағы әйел 2 жасар қызын өлімші етіп ұрып, соның салдарынан нәресте қайтыс болды. Ал сондай ауыр соққылар алған 4 жасар екінші қызы қазір ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: otyrar.kz.
Фото: rnns.ru.