Биыл Қазақстанға қоныс аударған қандастардың қай өңірлерге табан тірейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Отандастар қорының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1499 адамға белгіленді.
Өңірлік квота облыстар арасында былай бөлінген: Павлодар – 800, Қостанай – 150, Ақмола – 258, Шығыс Қазақстан – 162, Солтүстік Қазақстан – 129 адам.