«Тайванның компьютерлік техника өндірумен айналысатын ASUS компаниясы жұмысшылар мен бизнесті Ресейден эвакуациялау мүмкіндігін қарастырады», деді Тайванның экономика министрі Ван Майхуа. Бұл туралы аралдың Орталық ақпарат агенттігі мәлімет таратты деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ең алдымен ASUS өз жұмысшылары мен бизнесін Ресейден эвакуациялау туралы ойлануы мүмкін», - деді Ван Майхуа Украина тарапының Ресеймен қарым-қатынасты тоқтату туралы үндеуіне түсініктеме бере отырып. Бұған дейін Украинаның вице-премьері, цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров ASUS компьютерлік электроника компаниясынан Ресеймен қарым-қатынасты және елдегі қызметті тоқтатуды өтінген еді.