Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 272 968 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 2022 жылғы қаңтарда 136243 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 11,5%-ға жоғары, нақты ақшалай кірістер көрсетілген кезеңде 2,8%-ға ұлғайды», делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.
Бұл ретте 2022 жылғы ақпандағы бағалау бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 272 968 теңгені құрады. Бір жыл ішінде қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 18,6%-ға өсті.
Ақпан айында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 4,9%-ды құрады.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 161,9 мың адамды немесе жұмыс күшіне 1,7%-ды құрады.