• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2022

Қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрлағандар кінәсін мойындады

335 рет
көрсетілді

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған бүлікшілер кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсетті. Бұл жолы жасырын орын ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан.

«Тапаншалар, патрондар, полиция киімдері салынған пакеттер жердегі кәрізге жасырылған. Үш тапанша, 15 граната, Макаров тапаншасынан 100-ден астам патрон, Калашников автоматынан – 107, аңшылық мылтықтан – 16, екі оқ өтпейтін жилет, противогаз, радиостанция, полиция формасы, камуфляждық рюкзак, сонымен қатар, 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов.