Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Елизавета Тұрсынбаева Италияда өткен Gardena Spring Trophy турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Турнирде Елизавета қысқа бағдарламадан кейін екінші орынды иеленген еді. Осыдан кейін ол еркін бағдарламада өнер көрсетіп, қарсыластарын басып озды. Сөйтіп, екі бағдарламаның нәтижесінде 157.86 балл жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Күміс пен қола медальді америкалық Эшли Шин мен Брэдли Таннел иеленді.
Тұрсынбаева биыл Болгарияда жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатына да қатысқан болатын. Бірақ, ол жерде спортшымыз 11 орын иеленді. Қазір Елизаветаны канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырады.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: www.kft.kz
Фото: www.kft.kz