• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2010

АҒАЙЫНДЫ АЛАУЫЗДЫҚ АЗДЫРДЫ

625 рет
көрсетілді

Қырғызстанда орын алған және жалғасып жатқан оқиғалар бауырлас елге қатерлі сынақ болып отыр. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде және Қырғыз Республикасында орын алған қантөгістен кейін саяси үдерістердің бейбіт жолға бағытталуына тікелей мұрындық болған Қазақстан үшін бұл сынақтың ерекше маңыздылығын атап өткен жөн. Қырғызстандағы мемлекеттік төңкерістен бір айдан астам уақыт өт­кендіктен, белгілі бір қоры­тын­дылар жасауға болады. Көршілес елдің то­лыққанды азаматтық қақ­ты­ғыс табал­дырығында болғаны көп­ші­лікке мә­лім жағдай. Кейбір сая­сат­танушылар мен саясаткерлер тіп­ті қырғыз мем­лекетінің ыдырау мүм­кіндігі жайында пікір білдіріп үл­герген болатын. Қа­зіргі күнде сырттан саяси араласусыз биліктен айырылған Қ.Бакиев пен бұрынғы оппозиция мүшелерінен құрылған Уақытша үкіметте ауыз­бір­шілікке, не болмаса бір келісімге ке­лу­ге еш­­қан­дай мүмкіндік қалмағаны белгілі. Қазақстан аумалы-төкпелі қақ­тығыстың бірінші күнінен бастап, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде, Ресей мен АҚШ мемлекет басшылары­мен қауіпті жағдайдан шығу туралы өзара ішкі келіссөздер мен кеңестер өткізіп жатты. Қазақстанның Қырғызстанға қатысты ұстанымы шиеленістің бі­рінші күнінен айқындалды. Қан­дай саяси қайшылықтар болса да, олар­дың шешімі тек келіссөз, ашық үн­қа­тысу арқылы табылуы тиіс.  Осы ұс­танымның көрінісі ре­тін­де тағынан тайған қырғыз еліне қанды қақты­ғыс­тан кейінгі дәп келесі күні, яғни сәуір­дің 8-інде ЕҚЫҰ төрағасының арнайы өкілі Ж.Кәрібжанов бет бұрды. Қырғызстандағы ахуал жедел әрі нәтижелі шешім қабылдауды талап етті. Қазақстанның ЕҚЫҰ төр­ағасы ретіндегі белсенді іс-әре­кеті нәтижесінде көршілес елдегі қатерлі оқиғалар әлемдік қоғам­дас­тықтың назарына салынды.   Бірнеше тәу­лік бойы өткізілген Н.Назарбаев, Д.Мед­ведев және Б.Обама аралық кеңесі нәтижесін­де 15 сәуірде кеш­ке қарай Елба­сы­ның бұйрығымен Қазақстан әуе күштерінің ұшағы Бакиевті алдыру үшін қырғыз еліне аттанды.  Ра­сын­да да, бұрынғы қыр­ғыз прези­дентінің елінде қалуы ол үшін өте қауіпті еді. “Бұл өз кезегінде жаңа қантөгістен, бейбіт халықтың ажал құшуынан басқа түк те әкелмейді. Қазірдің өзінде қаза болған адам­дар саны сексеннен асқаны мәлім. Одан да көп болуы мүмкін. Сон­дық­тан мен Қазақ елінің атынан жақын көрші, жан қиыспас ағай­ын қырғыз халқына, өмірден озған адамдардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын”, – деді осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев. Қ.Бакиевті Қырғызстан аума­ғы­нан шығару арқылы қантөгістің алдын алу көршілес елде тұрақ­ты­лық орнату жолындағы аса ма­ңыз­ды, бірақ тек алғашқы қадам бол­ған еді. ЕҚЫҰ мен қазақ төр­аға­лығының бітімгершілік әрекеттері 20 сәуірде Ұйымның Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мемле­кет­тік хат­шысы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаевтың Біш­кекке жұмыс сапары арқылы өз жалғасын тапты. Ерекше атап кетер жағдай, билік ауысқан сәт­тен кейін бұл Қырғызстанға шет елдің сыртқы істер министрінің алғашқы сапары еді. Уақытша үкімет, саяси партия­лар, азамат­тық қоғам, халықаралық құры­лым­дар өкілдерімен, шетелдік дип­ломаттармен келіссөздер нәти­жесінде Қазақстан тарабы көрші­лес елдегі жағдайдың тұрақта­нуы­на қатысты бірқатар ұсыныстар енгізіп, халықаралық қоғамдас­тық­тың қырғыз халқына жәрдемдесуін тиімді үйлестіру жөніндегі уағда­лас­тықтарға қол жеткізген болатын. Қырғызстандағы келеңсіз жағдайды реттеу мен қақтығысты тоқтату –  бұл біздің мемлекет үшін ЕҚЫҰ-ға төраға ретінде басына алған міндеттемелеріне қатысты алғашқы сынақ болды. Сарапшылар бұл мәселе жай­ында: “Қазақстан төрағалығын­да­ғы мұндай іс-әрекет ТМД кеңіс­ті­гінде қақтығыс жағдайларды рет­теуді көздейтін халықаралық құ­ры­лымдардың өзара әрекеттесуін­де­гі алғашқы табысты тәжірибе бол­ғандығы анық”, – деп атап өтті. Қырғызстандағы саяси дағда­рыс­тың бейбіт шешімін қамтама­сыз ету Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға төр­аға ел ретінде үлкен жауапкер­ші­лік жүктегені рас.  Қырғыз еліндегі жағдайды реттеуге Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуроодақ­тың да қос­қан үлесін мойындау қажет.  Алайда, кең ауқымды қақты­ғыс­тың алдын алуда ЕҚЫҰ мен оған төраға елдің шешуші рөл атқарға­нын шетелдік сарапшылар ерекше атауда. Ендігі мақсат – айырқалпақты ағайынның жаңа билікке деген сенімін орнатып, елдегі топтардың баршасын ауызбіршілікке тарту. Өкінішке қарай, Қырғызстандағы соңғы күндердегі оқиғалар тағы да алаңдатарлық сипат алып отыр. Елдің оңтүстігіндегі екі облыс орталығы – Жалалабад пен Ошта Уақытша үкіметтің жақтастары мен қарсылас­тары арасында қақ­тығыс болды. Ауыр жараланғандар бар көрінеді. Оның алдында та­ғынан тайдырылған экс-президент Қ.Бакиев­тің сойылын соғушылар аталған қалалардағы әкімшілік ғимараттарын басып алған еді. Сөйтіп, Жалалабад қаласының әкімшілік үйі Уақытша үкімет жақтастарының бақылауына көшіп үлгерді. Бүгінде Жалалабад пен Ошқа арнайы мақсаттағы әскери­лер енгізіліп, олар қалалардағы жағ­дайды бақылауларына алған сы­ңайлы. Бірақ бұл тыныштықтың қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Жалпы, қырғыздар екіге жары­ла беретін болса, ел­дің тұтасты­ғына, тіпті мемлекет­ті­лігіне қауіп төнетіні анық. Сон­дық­тан ел тұрғындары билікке та­ла­сушы жақтардың мүддесінен гөрі, елдік мүддені жоғары қойса дейсің. Сөз орайында Алматыда өтіп жат­қан “ЕҚЫҰ-ның Еуразиялық өлшемі” Транс­азия­­лық парламент­тік форумында бүгін, сенбіде осы тақырып қозғалатынын айта кетейік. Осындай сәтте Қазақстан бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың: “Ынтымақ кеткен жерде ырыс тұр­майды” деген сөзінің орын­ды­лығы тағы да таныла түседі. Қанат ЫСҚАҚ.