• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Наурыз, 2022

Елорда полицейлерінің қызметтік формасы өзгерді

238 рет
көрсетілді

Тәртіп сақшыларына арналған жаңа үлгідегі киімді әзірлеу – ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы тармақтарының бірі, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлерге арналған киім әртүрлі климаттық жағдайларда қызмет атқаратын тәртіп сақшыларының ұсыныс-тілектерін ескере отырып тігілген.

Жаңа нысанды киім үлгілері дизайны және конструкциясы бойынша патрульдік полиция және сыртқы қызмет қызметкерлеріне арналған нысанды киімдер болып топтастырылған.

Учаскелік полиция инспекторларына арналған жекелеген нысанды киім әзірленген. Жетондар, эмблемалар, жұлдыздар және кокардалар тоқыма маталарға ауыстырылған. Осы ретте барлық сұлбасы бойынша жарық шағылыстыратын элементтерге ерекше көңіл бөлінген.