• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Бокс 26 Наурыз, 2022

Қамшыбек Қоңқабаев әлемдік рейтингте екі саты жоғарылады

401 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісінен кейін Boxrec.com рейтингіндегі жағдайын сәл жақсартты, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қоңқабаев Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кешінде өзбекстандық Фаррух Джураевпен (6-6-1, 2 КО) жұдырықтасты. Қамшыбек екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында қазақстандық BoxRec рейтингінде бірінші ауыр салмақта 53-ші орыннан 51-ші орынға көтерілді.