• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 31 Наурыз, 2022

Олимпиадада олжа салды

235 рет
көрсетілді

Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық онлайн олимпиадасында (АТМО) бақ сынаған Рахым Баймурзин есімді бозбала тамаша табысқа қол жеткізді. Ол әлемнің 38 елінен жүздеген оқушы қатысқан додада алтын медаль иегері атанды.

Рахым Баймурзин Қара­ған­дыдағы Назарбаев зият­керлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Өзінің ай­туын­ша, аталған олимпиада сынына былтыр да қатысып, олжалы болған екен.

– Мен Азия-Тынық мұ­хиты математикалық олим­пиадасына бірінші рет қа­тысып отырған жоқпын. Өткен жылы күміс жүл­деге ие болдым. Ал биыл мақ­са­тыма жетіп, алғашқы алтын ме­далім­ді жеңіп алдым. Егер олим­пиада дәстүрлі форматта өткенде, тіпті де жақсы болар еді. Дегенмен өз басым бәріне де ризамын, – деп ағынан жарылды жас математик.

Айта кету керек, бұл же­ңіс жас дарынға еліміздің құ­рама командасы сапына еніп, Халықаралық матема­тика олимпиадасында Қа­зақстанның намысын қор­ғауға мүмкіндік береді.

Рахым Баймурзин ал­дағы уақытта қандай уни­верситетті таңдайтынын әлі шешпеген екен. Бірақ ол өзінің болашағын дәл ғы­­лымдармен байланыс­тырғысы келеді.

Еске сала кетсек, Ха­лық­­­аралық Азия-Тынық мұ­хиты математикалық он­лайн олимпиадасына елі­міздің түпкір-түпкірінен 131 оқушы қатысты. Ал осы зияткерлік додасында оқушылары бақ сынаған әлем елдерінің қатарында АҚШ, Жапония, Аустралия, Канада, Сингапур, Арген­тина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Қатар, Оң­түстік Корея, Түркия және басқа да ғылымы мен бі­лі­мі дамыған мемлекеттер болды.

 

ҚАРАҒАНДЫ