• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2022

«Севказэнерго» АҚ Бас директоры қамауға алынды

314 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында «Севказэнерго» АҚ Бас директоры ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қамауға алу фактісін полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Бірінші сәуірде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде Солтүстік қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу ІІМ, Прокуратура және полиция департаменті басшылығының бақылауында», деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 20 наурызда Петропавл 2-ЖЭО-да үш түтін құбырының біреуі ішінара құлады. Кәсіпорын қызметкері қайтыс болды, оның денесі 22 наурыз күні таңертең үйінділердің астынан табылды. Сол күні облыс прокуратурасы Петропавл 2-ЖЭО директоры мен бас инженерінің ұсталғанын хабарлады.

Президент тез арада облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарына жылу беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жылумен қамту бір тәулік ішінде қалпына келтірілетінін мәлімдеді.