• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2022

СҚО-да малдың қырылу себебі анықталды

393 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданындағы фермада мал өлімінің себебі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжановтың айтуы бойынша, Нұр-Сұлтанның Ветеринария референттік орталығына жіберілген сынамаларды зерттеу нәтижесі инфекциялық ринотрахеитті көрсеткен.

«Фермерлік шаруашылықтағы жағдай тұрақтанды. Қажетті ем шаралары тағайындалды. Ветеринарлық-санитариялық қағидалардың талаптары бойынша шаруашылыққа шектеу қойылады. Ферманы дезинфекциялау, сау малды вакцинациялау, ауру малды емдеу шаралары жүргізіледі. Шектеулер соңғы ауру жануар жазылғаннан кейін 30 күннен соң жойылады», деп нақтылады Берік Әлжанов.

Оның айтуынша, ринотрахеит бюджеттен өтемақы қарастырылған мал ауруларының тізіміне енбеген.

Еске сала кетсек, Тимирязев ауданындағы фермада 15 бас мал қырылып, 80-ге жуығы ауыруға шалдыққан еді.