Ертіс өзені бойындағы тілсіз жау бір гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Pavlodarnews.kz мәліметінше, «101» пультіне ауданы 20 шаршы метр қоқыстың жанғаны туралы хабарлама түскен.
Павлодардағы Усолка көшесінде 40 шаршы метр аумақта құрғақ шөп пен қоқыс өртенген. Өрт сағат 16.28-де сөндірілді. Еске сала кетсек, 10 сәуірде Айманов көшесі және Химқалашық ауданында ашық аумақта ауданы 1 гектар құрғақ шөп пен қамыс өртенген еді.