19-24 сәуір аралығында Моңғолияның астанасы – Ұланбатырда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Аталған жарыста Қазақстанның туы астында кімдердің өнер көрсететіні жайында біз бұған дейін толық мағлұмат берген едік. Сары құрлықтың басты додасындағы басты мақсат – жалпыкомандалық есепте көш бастау. Ол сол жоспарды жүзеге асыруға біздің балуандардың әл-қуаты, күш-жігері жете ме? Осы сауалға жауап алу үшін соңғы бес жарыстың нәтижесіне көз жүгіртіп көрейік.
Әңгімемізді грек-рим күресі шеберлерінен бастасақ. 2017 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында Иран құрамасының қарқыны тым күшті болды. Сарапқа салынған сегіз бас жүлденің тең жартысын иемденген олар жалпы есепте көш бастады. Қоржынында екі алтыны бар Жапония екінші орынға жайғасты. Үшінші және төртінші орындарды Оңтүстік Корея мен Қазақстан өзара бөлісті. Екі команданың алтыны мен күмісі бірдей болғанымен, қарсыластарымыз бір қола артық алды. Нәтижесінде, біз төртінші сатыға тұрақтадық. Үнді елінде Мақсат Ережепов ерледі. 75 кило салмақта белдескен ол барлық бәсекелесінен басым түсті. Мейрамбек Айнағұлов (59 кило), Алмат Кебісбаев (66 кило) және Дамир Күзембаев (130 кило) күміс медальды иеленсе, Ерұлан Ысқақов (98 кило) қолаға қол созды.
2018 жылы Бішкекте Қазақстанның өрендері жақсы күресті. Сөйтіп, жалпыкомандалық есепте жарқырап алдан көрінді. Алмат Кебісбаев (66 кило) пен Асхат Ділмұхамедов (82 кило) қарсылас шақ келтірмесе, Демеу Жадыраев (72 кило) пен Ерұлан Ысқақов (97 кило) финалда ұтылды. Мейрамбек Айнағұлов (63 кило) пен Мақсат Ережепов (77 кило) үшінші орынды еншіледі. Сол секілді Иран, Өзбекстан және Жапонияның «классиктері» де екі алтыннан олжалады. Алатаудың арғы бетінде Қырғызстан мен Қытай балуандары бір-бір реттен топ жарды.
2019 жылы Сианьда жеті жерлесіміз жеңіс тұғырына көтерілгенімен, бірде-бір алтынның болмауы салдарынан командалық сайыста мықтылар қатарынан көріне алмадық. Отандастарымыздың арасынан ең үздік нәтижеге Мейіржан Шермаханбет қол жеткізді. 67 кило салмақта күрескен ол күміс медальды мойнына ілді. Қорлан Жақанша (55 кило), Демеу Жадыраев (72 кило), Темірлан Шадукаев (77 кило), Мақсат Ережепов (82 кило), Азамат Құстыбаев (87 кило) және Дамир Күзембаев (130 кило) қола жүлдені иеленді. Төрт алтыны бар Иран құрамасы бірінші орынды олжалады. Өзбек пен корейлер қос алтынды қоржынға салса, қырғыздар мен қытайлар бір-бір реттен сол межеден көрінді.
2020 жылғы байрақты бәсеке қайта Нью-Делиде өтті. Бұл жолы да Парсы елі өкілдерінің қарқынына ешкім шыдамады. 10 алтынның тең жартысы ирандықтардың еншісінде. Қалған бас жүлдені Жапония, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Қазақстан және Үндістанның апайтөстері өзара бөлісті. Біздің балуандар арасынан Темірлан Шадукаев (77 кило) шашасына шаң жұқтырмады. Ибрагим Магомадов (72 кило) екінші орын алса, Қорлан Жақанша (55 кило), Азамат Құстыбаев (87 кило) және Мансұр Шадукаев (130 кило) үшінші сатыға табан тіреді.
Былтыр қазақ жігіттері Алматыда жалауы желбіреген Азия чемпионатының командалық есебінде көш бастау үшін барын салды. Айдос Сұлтанғали (60 кило) мен Сұлтан Әсетұлы (63 кило) қарсы келгендерін қоғадай жапырды. Алмат Кебісбаев (67 кило) пен Әлімхан Сыздықов (130 кило) шешуші тұста ғана сүрінсе, Демеу Жадыраев (77 кило) пен Ерұлан Ысқақов (97 кило) үздік үштікті түйіндеді. Десек те, осы нәтиженің өзі сары құрлықтың ең үздік командасы атану үшін жеткіліксіз болды. Алатау баурайында да Парсы елінен келген пехлевандар алдымызды орады. Олар 4 алтын, 2 күміс және 3 қоланы қоржынға салды. Қазақстан екінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ бас жүлде алғандар қатарында Жапонияның екі және Оңтүстік Корея мен Өзбекстанның бір-бір балуаны болды.
Еркін күрестен 2017 жылы өткен Азия чемпионатында тек Ақжүрек Таңатаровтың алтын тұғырға көтерілуге күш-жігері жетті. 70 кило салмақта сайысқа түскен қазақтың өр мінезді ұлы финалда Өзбекстанның атақты балуаны, Рио Олимпиадасы мен Азия ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының финалисі Ихтиер Наврузовтан басым түсті. Азамат Дәулетбеков (86 кило) күміс алса, Нұрислам Санаев (57 кило) пен Дәулет Ниязбеков (61 кило) қола медальды еншіледі. Жалпы есепте Иран (3 алтын+1 күміс+4 қола) алға шықты. Екінші орында – Өзбекстан (2+1+1). Қазақстан үшінші сатыға тұрақтады.
2018 жылы да дәл сол межеге табан тіредік. Нұрислам Санаев (61 кило) пен Дәулет Ниязбеков (65 кило) алдарына жан салмаса, Әділет Даулынбаев (92 кило) күміспен күптелді. Жандос Исмайылов (57 кило), Мейіржан Әшіров (70 кило), Данияр Қайсанов (74 кило) және Азамат Дәулетбековке (86 кило) бұйырғаны қола медаль. Алатаудың арғы бетінде Өзбекстан (3+2+3) мен Иран (3+1+2) құрамалары алдымызды орады.ркін күрестен 2017 жылы өткен Азия чемпионатында тек Ақжүрек Таңатаровтың алтын тұғырға көтерілуге күш-жігері жетті. 70 кило салмақта сайысқа түскен қазақтың өр мінезді ұлы финалда Өзбекстанның атақты балуаны, Рио Олимпиадасы мен Азия ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының финалисі Ихтиер Наврузовтан басым түсті. Азамат Дәулетбеков (86 кило) күміс алса, Нұрислам Санаев (57 кило) пен Дәулет Ниязбеков (61 кило) қола медальды еншіледі. Жалпы есепте Иран (3 алтын+1 күміс+4 қола) алға шықты. Екінші орында – Өзбекстан (2+1+1). Қазақстан үшінші сатыға тұрақтады.
2019 жылғы дүбірлі дода Парсы елі балуандарының айқын жеңісімен аяқталды. Олар жеті рет жеңіс тұғырының ең биік сатысынан қол бұлғады. Тағы үш спортшысы үшінші орынды иеленді. Яғни Иранның барлық өкілі Сианьдағы чемпионатта жүлде алды. Екі алтын, бір күміс және екі қоласы бар қазақстандықтар командалық сайыста екінші орынды еншіледі. Біздің өрендер арасынан Нұрқожа Қайпанов (70 кило) пен Данияр Қайсанов (74 кило) оза шапты. Саятбек Оқасов (65 кило) екінші сатыға жайғасты. Ғалымжан Өсербаев (79 кило) пен Әлішер Ерғали (97 кило) үшінші орынды иемденді.
2020 жылы Үндістанның астанасында Иран, Жапония, Қазақстан және Қырғызстанның әнұрандары екі реттен шырқалды. Өзге жүлделерді қоса есептегенде ирандықтар (2+2+4) озды. Одан кейінгі орындарға жапондар (2+1+4) мен қазақтар (2+0+4) жайғасты. Отандастарымыздың арасынан Данияр Қайсанов (74 кило) пен Юсуп Батырмурзаевқа (125 кило) тең келер ешкім болмады. Дәулет Ниязбеков (65 кило), Мейіржан Әшіров (70 кило), Илисхан Чилаев (92 кило) және Әлішер Ерғали (97 кило) жүлдегерлер санатынан көрінді.
Былтыр Алматыда шымылдығы түрілген сары құрлықтың басты додасында Талғат Сырбаз (70 кило), Нұрқожа Қайпанов (74 кило) және Олег Болтин (125 кило) өздерінің мықтылығын паш етіп, алтын медальды мойындарында жарқыратты. Шешуші сында өзбекстандық Жаһангермырза Туборовтан айласын асыра алмаған Адлан Асқаров (61 кило) пен ирандық Али Шабаниге есе жіберген Әлішер Ерғали (97 кило) күмісті қанағат тұтты. Бұл жарыста бес балуанымыз финалда күрескенімен, командалық сайыста Иранды тағы да алға жібердік. Олар үш алтыннан бөлек, үш күміс пен екі қоланы қанжығаға байлады.
Міне, грек-рим және еркін күрестен өткен соңғы бес Азия чемпионатының нәтижелері осындай. Жалпы алғанда, қол жеткізген осы табысқа көңіліміз толады деп айтуға болады. Олай деуге негіз, командалық сайыста көбіне-көп үздік үштіктің санатынан көрінсек, кей кездері жеке-дара көш бастадық. Ұланбатырдағы жарыста да Қазақстанның белді балуандары күш сынасады. Олардың дені әр жылдары сары құрлықтың басты додаларында олжа салған балуандар. Сонымен қатар төрткүл дүниенің теңдессіздері бас қосқан бәсекеде де атой салған жігіттер бар. Олай болса, бұл жолы Азияның алдыңғы легінен көрінуге еш кедергі жоқ деп ойлаймыз.
Грек-рим күресінен 2021 жылғы
Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
55 кило: 1. Ю Сиотани (Жапония), 2. Ильхом Бахромов (Өзбекстан),
Нұрмұхаммед Абдуллаев (Қырғызстан) пен Пуя Дадмарз (Үндістан).60 кило: 1. Айдос Сұлтанғали (Қазақстан), 2. Мехди Мохсеннеджаб (Иран),
Ким Сынхак (Оңтүстік Корея) пен Аята Сузуки (Жапония).63 кило: 1. Сұлтан Әсетұлы (Қазақстан), 2. Мейсам Далхани (Иран),
Хуан Дзючи (Тайпей) мен Чон Ханджэ (Оңтүстік Корея).67 кило: 1. Цутика Симоямада (Жапония), 2. Алмат Кебісбаев (Қазақстан),
Хоссейн Асади (Иран) мен Амантұр Исмаилов (Қырғызстан).72 кило: 1. Рю Хан Су (Оңтүстік Корея), 2. Руслан Царев (Қырғызстан),
Тайси Хори (Жапония) мен Аминкавианеджад (Иран).77 кило: 1. Педжам Поштам (Үндістан), 2. Далер Резазаде (Иран),
Демеу Жадыраев (Қазақстан) пен Қайратбек Тоғалбаев (Қырғызстан).82 кило: 1. Жалғасбай Бердімұратов (Өзбекстан),
Калидин Асыкеев (Қырғызстан), 3. Сатоки Мукай (Жапония)87 кило: 1. Нассер Ализаде (Иран), 2. Атабек Азисбеков (Қырғызстан),
Рустам Ассакалов (Өзбекстан) пен Ли Сынхван (Оңтүстік Корея).96 кило: 1. Мехди Бали (Иран), 2. Ким Сынжун (Оңтүстік Корея),
Ерұлан Ысқақов (Қазақстан) пен Бексұлтан Махмұдов (Қырғызстан).130 кило: 1. Али Ақбар Юсефи (Иран), 2. Әлімхан Сыздықов (Қазақстан),
Ким Минжун (Оңтүстік Корея) мен Мұрат Рамонов (Қырғызстан).Еркін күрестен 2021 жылғы Азия чемпионатының
жеңімпаздары мен жүлдегерлері
57 кило: 1. Рави Кумар Дахия (Үндістан), 2. Алиреза Сарлак (Иран),
Надиржон Сафров (Өзбекстан) пен Юто Таексита (Жапония).61 кило: 1. Жаһангермырза Туборов (Өзбекстан), 2. Адлан Асқаров (Қазақстан),
Соя Симае (Жапония) мен Икромжон Хаджимуродов (Қырғызстан).65 кило: 1. Такуто Отогуро (Жапония), 2. Баджранг Пуния (Үндістан),
Чон Енсок (Оңтүстік Корея) пен Мортеза Гиаси (Иран).70 кило: 1. Талғат Сырбаз (Қазақстан), 2. Сирожидин Хасанов (Өзбекстан),
Исламбек Орозбеков (Қырғызстан) пен Каран Мор (Үндістан).74 кило: 1. Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан), 2. Мұстафа Хоссейнхани (Иран),
Ихтиер Наурызов (Өзбекстан) пен Зандандудын Сумиябазар (Моңғолия).79 кило: 1. Кон Бенмин (Оңтүстік Корея), 2. Али Савадхуки (Иран),
Нарсингх Ядав (Үндістан) пен Саяқбай Юсупов (Қырғызстан).86 кило: 1. Хасан Яздани (Иран), 2. Дипак Пуния (Үндістан),
Ким Кван (Оңтүстік Корея) мен Мұстафа Абдул-Базит (Ирак).92 кило: 1. Камран Гасемпур (Иран), 2. Менхбаатарын Цогтгерел (Моңғолия),
Квон Хекбом (Оңтүстік Корея) мен Санжит (Үндістан).97 кило: 1. Али Шабани (Иран), 2. Әлішер Ерғали (Қазақстан),
Такаси Исигуро (Жапония) мен Сатьяварт Кадиан (Үндістан).125 кило: 1. Олег Болтин (Қазақстан), 2. Айал Лазарев (Қырғызстан),
Амин Тахери (Иран) мен Жоржхандын Худербулга (Моңғолия).