Шанхайда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 26 330 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл жөнінде сәрсенбіде ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство таратқан мәліметке қарағанда, індет жұқтырғандардың арасында коронавирус диагнозы тек 1189 адамда расталды, қалған 25 141 адам – асимптоматикалық тасымалдаушылар.
Қытайда пандемия басталғалы бері COVID-19 диагнозы қойылған науқастардың жалпы саны 167 мыңнан асты, 140 мыңнан астам адам сауығып, ауруханалардан шығарылды, 4638 адам қайтыс болды.
Коронавирустың жаңа толқыны материктік Қытайдың көптеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қамтыды. 11 сәуірдегі жағдай бойынша қытайлықтарға коронавирусқа қарсы вакциналардың 3,3 миллиард дозасы енгізілді.