Қазақстандық төрешілер Татьяна Сорокопудова (Қарағанды) мен Наргис Магау (Алматы) 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2022 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Ойындар 6-12 сәуір аралығында Солтүстік Ирландияда өтті.
Қазақстандықтар төрелік еткен топта Әзербайжан, Мальта, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдары құрамалары ойнады. Біздің төрешілер топтағы Солтүстік Ирландия — Мальта (1:1), Солтүстік Ирландия — Фарерские аралдары (5:0) және Әзербайжан — Солтүстік Ирландия (0:1) матчтарында қызмет атқарды.Татьяна Сорокопудова екі кездесуде бас төреші болса, бір ойында қосалқы төреші міндетін орындады. Наргис Магау үш ойында да бас төрешінің көмекшісі болды.