• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Сәуір, 2022

Елімізде жұмыс істейтін зейнеткерлер саны қанша?

433 рет
көрсетілді

2021 жылы Қазақстанда 1,6 млн зейнеткер тіркелді, олардың 70,3 мыңы жұмысын жалғастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Finprom сарапшыларының мәліметінше, жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі 4,3%-ды құрады.

«Жұмыс істейтін зейнеткерлердің 69,2%-ы немесе 48,7 мың адам тәуелсіз қызметкерлер; 22,6%-ы немесе 15,9 мың зейнеткер - жалдамалы қызметкерлер. Тағы 5,7 мың зейнеткер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, 46 адам шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары және акционерлері, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері», делінген Finprom зерттеуінде.

Салалық бөліністе зейнеткерлердің көпшілігі - 73% немесе 51,3 мың адам агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істеген. Сондай-ақ көтерме сауда, ритейл және авто жөндеу, сондай-ақ көлік-логистика саласы да атап өтілді.