• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Күрес 19 Сәуір, 2022

Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

228 рет
көрсетілді

Қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды. 

55 келі салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов жапониялық Ю Шиотанимен белдесті. Екеуара кездесу 13:2 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.

Осылайша Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, аталған құрлықтық біріншілікте ел қоржынына бірінші медальді салды.