Мәжілістің жалпы отырысында депутат Саясат Нұрбекті Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы өтініші келіп түсті. Осыған байланысты депутат С. Нұрбектің аталған комитетке ауысуы туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.
Палата депутаттары аталған өтінішке қолдау білдіріп, тиісті шешім қабылдады.