• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Мамыр, 2022

Сот Қайрат Құдайбергеннің бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды

268 рет
көрсетілді

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 4 мамырда Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған, адвокаттар шағымы қанағаттандырылмаған.

Бұған дейін тергеу соты Қайрат Құдайбергенді 30 тәулікке қамауға алуға санкция берген болатын.

Еске салайық, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растаған болатын.