• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2022

СҚО-да су қоймаларына ақсаха тұқымдас балық түрлерінің дернәсілі жіберілді

456 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының су қоймаларына 35,5 млн дана ақсаха тұқымдас балық түрлерінің дернәсілі жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су айдындарына балық жіберу Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, жергілікті атқарушы органның, Петропавл балық питомнигі, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Солтүстік филиалының өкілдерінен құралған комиссия арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жүзеге асырылды. 

Айта кетейік, Петропавл балық питомнигі жылына орта есеппен су айдындарына 37 млн данаға жуық ақсаха тұқымдас балық түрлерінің дернәсілін және тұқы балығының шабақтарын жібереді. Елімізде республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.