• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 27 Мамыр, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентімен сөйлесті

243 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілетінін айтты. Тарихи өлшем бойынша осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Польша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Сондай-ақ тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ықпалдастықты дамытудың перспективаларын талқылады.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу соңында президенттер өзара мүддені көздейтін кең ауқымды бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.