• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2022

Петропавлда жас жігітті КамАЗ қағып кетті

197 рет
көрсетілді

Петропавлда 19 жастағы жігітті КамАЗ көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін таңертең Астана-Интернациональная көшесінің қиылысында болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан жас жігітті қағып кеткен.   Зардап шегуші көптеген жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.   Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.